·
Нанобиокомпозиттер дегеніміз не? Олар қандай мақсаттарда қолданылады?
Нанобиокомпозиттер – биологиялық
полимерлер мен наноқоспалардан
(нано-бөлшектерден) тұратын
күрделі материалдар. Олар жоғары механикалық беріктік, биоыдырағыштық және
функционалдық қасиеттерімен
ерекшеленеді. Қолданылу
салалары: медицина (дәрі
тасымалдау), экология (сүзгіштер),
азық-түлік қаптамасы,
ауыл шаруашылығы.
·
Ауыл шаруашылығындағы нанобиокомпозиттерді
қолдану қандай жетістіктерге әкелді?
Олар тыңайтқыштардың
баяу бөлінуін қамтамасыз етеді, топырақтың құнарлылығын
арттырады, зиянкестерге қарсы биологиялық белсенді заттарды тиімді жеткізеді және қоршаған ортаға зиянсыз тәсілмен өнімділікті арттырады.
·
Вискерлерге анықтама беріңіз және оның қандай қасиеттерін білесіз?
Вискерлер – өте ұсақ, диаметрі бірнеше микрон, ал ұзындығы
ондаған микрон болатын
біркристалды талшықтар.
Қасиеттері: жоғары
беріктік, қаттылық,
серпімділік модулі үлкен, құрылымдық
ақаулар аз.
·
Кремний
вискерлері қандай жолмен өсіріледі?
Кремний вискерлері көбіне
vapor–liquid–solid (VLS) әдісі арқылы өсіріледі – бұл әдісте бу күйіндегі кремний аралық
сұйық фаза арқылы
қатты талшыққа
айналады.
·
Манганиттік вискерлерді қандай мақсаттарда қолдануға
болады?
Манганиттік вискерлер магниттік, электрлік және сенсорлық қасиеттеріне байланысты спинтроника, сенсорлар, магниттік жады құрылғыларында және
жаңа буын электрондық құрылғыларда
қолданылады.